АҚШ-та аптап ыстықтан туындаған өртте 19 құтқарушы қаза болды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Американың Аризона штатының билігі Феникстің солтүстік-батысына қарай 120 шақырым жерде тұтанған алапат өртті ауыздықтау барысында 19 өрт сөндіруші опат болғанын хабарлауда.
None
None

Бұл туралы Би-Би-Си жазады.

Қаза тапқан құтқарушылар Ярнелл шағын қаласына қауіп төндірген жалынмен арпалысқан - жексенбі күні жоғалып кетті.

Өрт жұма күні тұтанып, жексенбіге қарай аптап ыстықтың, төмен ылғалдылық пен желдің салдарынан ірі аумаққа жайылып кетті.

Соңғы бірнеше күн бойы АҚШ-тың батыс штаттарында Жерде бақылау басталғаннан бері тіркелген температураның ең жоғарғы шегіне жеткен ыстық басылмай тұр.

Соңғы жаңалықтар