АҚШ-та әр 10 адамның 9-ы кибералаяққа тап болған
АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллекттің дамуы цифрлық алаяқтардың қаптауына да себепші болып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі CBS News арнасына сілтеме жасап.
Consumer Reports, Aspen Digital және Жаһандық кибернетика альянсы бірлесе жүргізген зерттеуге сәйкес, Америкада әр он адамның тоғызы кибершабуылдар мен алаяқтыққа ұшыраған, азаматтардың 17%-ы цифрлық қауіпсіздіктің бұзылуына байланысты ақшасынан айырылған.
— Американдықтардың оннан тоғызы алаяқтықтың немесе кибершабуылдардың құрбаны болған. Бұл статистика емес, бұл біз қызмет көрсететін адамдардың дерлік барлығы. Жасанды интеллект алаяқтықты жылдамдатады, арзандатады және жекешелендіреді. Ешкім оны жалғыз өзі жеңе алмайды. Компаниялар жауапкершілікке тартылуы керек. Үкіметтерге нақты шаралар қажет, — дейді Consumer Reports президенті әрі бас директоры Фил Рэдфорд.
Бұрын алаяқтық әрекеттерді ойластыру, ұйымдастыру үшін көп шығын жұмсалса, қазір соның бәрін жасанды интеллект жеңілдетіп отыр. Бұл технология деректерді ұрлауды оңайлатады, себебі ол жеке адамға тұзақ қою үшін пайдаланатын ақпаратты тезірек синтездеуге мүмкіндік береді.
Наурыз және сәуір айларында шамамен 5000 ересек адамға сауалнама жүргізген Consumer Reports америкалықтардың 90%-ы сандық алаяқтыққа немесе кибершабуылға ұшырағанын анықтады. АҚШ тұрғындары өздерінің жеке деректерінің қауіпсіздігіне, әсіресе қылмыскерлердің олардың қаржылық шоттарына кіру мүмкіндігіне алаңдап отыр.
Пентагонға кибершабуыл жасалып, 3 млн адамның дерегі ашылып қалғаны белгілі болды.
Құрылтай Қазақстанның киберқылмысқа қарсы күресін күшейтетін құжатты қабылдады.
Орталық Азиядағы киберқауіпсіздікке төтеп беру мәселелерін талқылау үшін мамандар Астанада бас қосты.