АҚШ-та әскери қызметкер Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді

АҚШ
Фото: The New York Times

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әскери-әуе күштерінің офицері Палестинаға қолдау көрсету белгісі ретінде Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды The New York Times

Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Израиль елшілігінің өкілі Таль Наимның мәлімдеуінше, елшілік қызметкері зардап шеккен жоқ. 

Ер адам өз әрекеттерін бейнеге түсіріп, оны Twitch стримингтік платформасында жариялаған. 

Ұшқыш «геноцидке» қатысқысы келмейтінін айтып, Израильдің Газа секторындағы әскери әрекетіне қарсы ұрандар, атап айтқанда «Палестина үшін» сөздерін қайталады.

Ол үстіне бөтелкедегі мөлдір сұйықтықты құйып, от жаққан. Полицейлер жалынды бір минуттан астам уақыт сөндіруге тырысты.

Соңғы жаңалықтар