АҚШ-та әскери оқулар кезінде болған жарылыстан 7 адам мерт болды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та Невада штатында болған әскери оқулар кезінде жарылыс орын алды.

АҚШ-та әскери оқулар кезінде болған жарылыстан 7 адам мерт болды

Би-Би-Си-ден хабарланғандай, нәтижесінде 7 теңіз жаяу әскер көз жұмып, тағы бірнешеуі жарақаттанды. Жарақаттанғандар жақын маңда орналасқан ауруханаларға жеткізілді.

Жарылыс мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09.00-де оқ-дәрілер қоймасында болды. Оқиғаның нақты себептері әзірге анықталған жоқ.