АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ-тың Джорджия штатындағы Саванна қаласының маңында С-130 Hercules әскери-тасымалдаушы ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 9 адам болған, деп хабарлайды ТАСС.
Ұшақта болғандардың ішінен тірі қалған адам бары туралы ақпарат тараған жоқ. Бұған дейін апаттан кемі 5 адам қаза болды деп хабарланған.
Ұшақ Пуэрто-Рико Ұлттық гвардиасының 156-шы авиациялық бөлімшесіне тиесілі болған. Ол Аризона штатына бара жатқан жолында апатқа ұшыраған.