АҚШ-та әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та Вирджиния штатының Вирджиния-Бич қаласында АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің көпмақсатты ұшқыр ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады CNN телеарнасы.

АҚШ-та әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің өкілдері хабарлағандай, Ошеан әскери базасынан қайтып келе жатқан McDonnell Douglas FA-18 Hornet ұшағы көппәтерлі тұрғын үйге құлады. Қазіргі уақытта болуы мүмкін құрбандардың саны белгісіз. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады РБК.

Оқиғаға куә болғандар ұшақ құлаған ауданда қираулар болғандығын айтады. Олардың сөздеріне қарағанда, бірнеше үй жанып кетті.

NBC телеарнасының берген мәліметіне сәйкес, екі ұшқыш катапульталанып үлгерді. Қазіргі кезде олар ауруханада жатыр. Олардың өміріне қауіп жоқ.