АҚШ-та атыс салдарынан сегіз бала қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында болған атыс салдарынан сегіз бала қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды NBC News.

полиция, США, Америка
Фото: usa_shka / instagram

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға жексенбі күні болған. Құқық қорғау органдары жанжал туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жеткен. Атыс үш үйдің аумағында болған.

— Қазіргі уақытта біз өткен түні болған тұрмыстық жанжал кезінде кемінде 10 адам оқ жарақатын алғанын білеміз. Олардың сегізі қаза тапты. Қаза болғандардың жасы 1 жастан 14 жасқа дейін, — деді Шривпорт полициясының басшысы Уэйн Смит.

Күдікті оқиға орнынан кейін көлік ұрлап қашуға тырысқан, алайда полиция қуғын барысында қаскөйді атып өлтірілген.

— Ол қаза тапты. Ал полиция қызметкерлерінің қару қолдануына қатысты тергеуді Луизиана штатының полициясы жүргізеді, — деді Смит.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда мектепте болған атыс кезінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар