АҚШ-та атыс болып, бір адам көз жұмды

ГРАНД ШУТ. ҚазАқпарат – Полиция АҚШ-тың Висконсин штатының солтүстігіндегі сауда үйінде атысты ұйымдастырған күдікті жасөспірімге іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-қа сілтеме жасап.

АҚШ-та атыс болып, бір адам көз жұмды

Күдікті азамат – 17 жастағы Дезман Эллис (Dezman Ellis). Полиция оны атыс болған күннен бері іздеп жатыр. Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 3:30-да Висконсин штатының Гранд Шут қаласындағы Fox River Mall сауда үйінде болған. Атыс салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды. Оқ тиген тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.

Полиция офицері Трэвиса Уаастың (Travis Waas) айтуынша, қылмыскер өз құрбандарын алдын ала таңдайды және ол ұсталмамай жүргендіктен әлі де қауіпті.

Полиция куәгерлерден сұрап, қажетті ақпарат сұрастыруда. Қылмыскердің әрекетіне не себеп болғаны белгісіз.