АҚШ-та атыс кезінде үш әйел қаза тауып, тағы екеуі жараланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Виргиния штатының Норфолк қаласындағы атыс салдарынан үш әйел мерт болып, тағы екеуі жарақат алған. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та атыс кезінде үш әйел қаза тауып, тағы екеуі жараланды

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрмыстық сипаттағы жанжал шыққан. Күдікті әуелі бір әйелге, одан кейін оған көмекке асыққандарға оқ атқан.

Оқ жаудырған ер адамға іздеу жарияланды.

Сарапшылар қазіргі кезде АҚШ-та адам өлтіру оқиғаларының өте көп екенін айтады. Федералдық тергеу бюросының мәліметінше, 2020 жылы зорлықпен адам өлтіру оқиғалары 30% артқан, бұл ретте 21 500-тен астам адамның қаза тапқаны тіркелген. Бұл – соңғы бірнеше жылда адам өлтіру оқиғаларының ең үлкен өсімдерінің бірі.