22:29, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
АҚШ-та ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың кейбір өңірлерінде термометр бағаны - 50 градусты көрсетті, деп хабарлайды euronews .

Пенсильвания штатының солтүстік-батысындағы Эри қаласында жауған қардың биіктігі тіпті бір жарым метрден асқан.
Қала билігі төтенше жағдай жариялады. Мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді, қалалық әуежай, сауда орталықтары, мектептер мен бірқатар медициналық мекемелер жабылды.
Аяқ астынан толассыз жауған қар жолдардағы қозғалысты тоқтатты.Табиғи апат ондаған жол-көлік оқиғаларына себеп болды.