АҚШ-та әуеде екі парашютші соғылып, біреуі мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әуеде екі парашютші соғылып, біреуі қаза тапты. Екіншісі парашютін жазып үлгергенімен жерге түскенде аяғын сындырып алды, деп хабарлады echo.msk.ru.

АҚШ-та әуеде екі парашютші соғылып, біреуі мерт болды

«Эхо Москвы» радиосының хабарлауынша, бұл оқиға Оңтүстік Каролина штатында әуе спорты фестивалі кезінде орын алған.
Бір қатысушы төрт шақырым биіктікте акробатикалық трюк орындау сәтінде екінші адамға барып соғылған. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.