АҚШ-та Ауғанстаннан оралған әскери қызметшілер мінген көлік апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон штатында америкалық әскери қызметшілер келе жатқан көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тауып, он адам жарақаттанды, деп хабарлады NBC телеарнасы.

АҚШ-та Ауғанстаннан оралған әскери қызметшілер мінген көлік апатқа ұшырады

Оқиға "Льюис Маккорд" әскери базасына жақын жерде орын алған.

"Машинада Ауғанстан аумағында әскери қызметті өткергеннен кейін үйлеріне қайтып бара жатқан әскери қызметшілер болған", - деді телеарнаға берген сұхбатында база өкілі подполковник Джо Соуэрс.

Бес адам ауруханаға жеткізілді, бірінің жағдайы өте ауыр. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді.