АҚШ-та авиашоу кезінде ұшақтың құлауы салдарынан 12 адам қаза болып, 75-і зардап шекті
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американдық Невада штатында кішкентай ұшақтың мінбеге құлауы салдарынан 12 адам қаза болып, 75-і зардап шекті, деп хабарлады Росбалт.
Associated Press-тің хабарлауынша, зардап шеккендердің ішінде 25 адам ауыр халде жатыр. Қаза болғандардың арасында АҚШ-тағы танымал ұшқышы бар.
Естеріңізге сала кетейік, Рино қаласында бір орындық ұшақ ұлттық ұшақ спортынан чемпионат өткізіліп жатқан кезде адамдардың үстіне құлады. Бұл оқиға жергілікті уақыт бойынша 16:30-да (мәскеу уақытымен 03:30) жұма күні болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жоюшы ретінде пайдаланылған P-51 Mustang ұшағының ұшқышы Джимми Лиуард оны басқара алмай қалған Лиуард 120-дан астам шоу мен чемпонаттарға қатысқан тәжірибелі ұшқыш болатын.