АҚШ-та автокөлік бір топ адамды қағып, екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың солтүстігіндегі Алстер қаласында (Оңтүстік Дакота) зейнет жасындағы әйел басқарған жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кетті. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Fox News агенттігі.

АҚШ-та автокөлік бір топ адамды қағып, екі адам қаза тапты

Оқиға оңалту орталығының маңында болды. Куәгерлер жүргізушінің көлікті басқара алмай тротуарға шығып кеткенін айтты. Көлік алдымен оңалту орталығынан шыққан бір топ адамды қағып, одан кейін орталық ғимаратына соғылған.

Көлікті басқарған егде жастағы әйелдің өзі де жарақат алды. Қазір ол ауруханаға жеткізілді.

Жол сақшысы Тони Мангананың айтуынша, зейнеткер әйелдің газ бен тежегіш басқыштарын алмастырып алуы әбден мүмкін. Өйткені, алдын ала мәліметтер бойынша әйел бір топ адамды абайсызда қағып кеткен.