АҚШ-та автокөлік доңғалағын ұрламақ болған үш қазақстандық кінәларын мойындады
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Хьюстон әуежайында автокөлік доңғалағын ұрламақ болған үш қазақстандық өз кінәларын мойындады.
Енді қазақстандық үш студенттің тағдырын АҚШ соты шешетін болады. Бұл туралы бүгін СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Қазақстанның үш азаматының ұсталу жағдайын анықтауға байланысты біз Хьюстон полициясының департаментімен байланысқан едік. Әңгіме барысында қазақстандықтар өз кінәларын толығымен мойындағанын білдік. АҚШ аумағынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған соң, 20 наурызда олар босатылған екен», - дейді ресми өкіл.
Оның мәліметтеріне қарағанда, 3 сәуірде Хьюстонда кезекті сот отырысы болып, онда аталған іс бойынша соңғы шешім шығатын болады.