АҚШ-та автокөлік пілпен соқтығысып қалды

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат -   АҚШ-тың Оклахома  штатында    автокөлік     жергілікті  цирктен қашып  кеткен  пілмен  соқтығысып қалды.

АҚШ-та автокөлік   пілпен соқтығысып   қалды

 Associated Press агенттігінің    хабарлауынша,     қараңғы мезгілде   тас жолмен  жүріп келе жатқан     пілмен  көлік  жүргізуші   соңғы сәтте   бетпе-бет  соқтығысудан  қашып үлгерген.   Жүргізуші мен     онымен бірге  көлікте  болған  оның   зайыбы   зардап шекпеген.

Пілдің    аяғы жарақаттанған  және   мүйіздерінің бірі сынған.     29   жастағы    жануардың салмағы 2 тоннадан  астам  болған.