АҚШ-та автомобильді 3D-принтерінде басып шығарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Local Motors компаниясының инженерлері алғаш рет әлемде 3D-принтерінде автомобиль басып шығарды. Автомобиль Strati-EV деп аталды.
None
None

Машинаны Чикагодағы Manufacturing Technology Show көрмесі шеңберінде небәрі алты күнде жасап шығарды. Оның 95 пайызы принтерде басылып шығарылған бөлшектерден тұрады.

Автомобильдің сыртқы келбеті ойыншыққа ұқсайтынына қарамастан, үлгі толықтай жұмыс істейді. Ол жылдамдықты сағатына 80 шақырымнан астам асыруға қабілетті.

3D-принтеріне барлық бөлшекті басып шығару үшін 45 сағат қана қажет болды. Көмір толтырылған пластик беріктігі жағынан металдан кем түспейді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар