АҚШ-та айыппұл төлетпек болған полиция қызметкерін атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатының құқық қорғау органының қызметкерлері полиция қызметкерін құжаттарды тексеру кезінде атып кеткен күдіктіні іздестіруде. Бұл туралы KTLA 5 телеарнасының мәліметтеріне сілтеме жасап ria.ru хабарлайды.
Телеарнаның мәліметтері бойынша, оқиға штаттардың оңтүстігінде жексенбі күні болды. Сан-Антонио қаласының полиция қызметкері қызмет көлігінің ішінде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған жүргізушілердің біріне айыппұл төлеу жөнінде құжаттарды толтырып жатқан.
Осы мезетте полиция қызметкерінің көлігінің артына екінші бір қара түсті көлік келіп тоқтаған. Ол көліктен күдікті азамат шығып, полиция қызметкеріне келіп, екі рет оқ атқан.
Сан Антонио қаласының полиция департаменті күдікті азаматтың көлігінің суретін Facebook желісінде жария етті. Ал, жергілікті полиция өкілдері күдіктінің кім екені және оның не үшін мұндай қадамға барғаны анықталмағандығын айтып отыр.