АҚШ-та азық-түлік құрамындағы тұзды заңды түрде шектейді

АСТАНА. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат - АҚШ билігі азық-түлік тамақтарындағы ас тұзын заңды түрде шектейді, деп мәлімдеді Вашингтон Пост (The Washington Post) Америка дәрі-дәрмек және азық-түлікті бақылау басқармасының анонимді дереккөзіне сілтеме жасай отырып. Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл қадам гипертоникалық криз және басқа да себептерден тұзды көп пайдаланудан пайда болатын өлімнің көрсеткішін азайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ленту,ру сайтына сілтеме жасай отырып.

АҚШ-та азық-түлік құрамындағы тұзды заңды түрде шектейді

Дереккөздері бойынша, тамақтану өнімдеріндегі тұзды азайту кезеңдік бағдарлама бойынша 10 жылға еспетелген. Бұл бағдарламалар аясында билік елдегі жалпы құны 600 миллиард долларды құрайтын ұн өнімдері, тұздықтар және басқа да көптеген азық-түлік өнімдерінде тұз мөлшерін заңды түрде шектеуді орнатады.

Қазіргі таңда Америка үкіметі тамақ өндірушілерді өз еркімен өнімдерінде тұзды азайтуға шақырады. Алайда, «Медицина институты» үкіметтік емес ұйымының соңы зерттеулері бойынша, бұл шаралар өз нәтижесін бермеген.