АҚШ-та баға өсіп жатыр, ал инфляция деңгейі бір қалыпты тұр

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні жарияланған Еңбек статистикасы бюросының мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй мен азық-түлік бағасының көтерілуіне қарамастан, шілдеде инфляция тұрақты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та баға өсіп жатыр, ал инфляция деңгейі бір қалыпты тұр

Еңбек статистикасы бюросы ай сайын инфляцияның қалай өзгеретінін көрсететін Тұтыну бағасының индексін шығарды. Бензин бағасының 7,7%-ға төмендеуіне қарамастан, бұл дефляция азық-түлік пен тұрғын үй бағасының инфляциясы есебінен өтеліп, шілдеде жалпы тұтыну бағаларының индексі өзгеріссіз қалды.

Маусым айымен салыстырғанда тұрғын үйді жалға алу 0,7%-ға, азық-түлік 1%-ға қымбаттады.

Жалпы азық-түлік тауарлары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға өсті. Жұмыртқа бір жылда 38%-ға қымбаттады, одан кейін маргарин, ұн және май бағасы көтерілді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар да айтарлықтай өсті. Ас үйдің санитарлық жағдайын сақтауға арналған қолғап бағасы 128%-ға өсті.

Инфляцияға тап болған кәсіпорындар екі түрлі кедергіге ұшырайды. Оларға бағаны көтеру арқылы маржаны төмендету немесе шығындарды азайтуға тура келеді. Технология саласындағы көптеген компаниялар соңғы нұсқаны – қызметкерлерді жұмыстан шығаруды таңдады. Азық-түлік бизнесі шығындардың бір бөлігін тұтынушыларға ауыстыру, азық-түлік тауарларының құнын арттыру арқылы маржаны төмендетеді.







Фото: abcnews.go.com