АҚШ-та бала күтіміне байланысты жәрдемақы қарастырылмаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барак Обама президенттігінің соңғы мерзімінде америкалық компаниялардың қызметкерлеріне жүктілік кезінде және бала күтімі бойынша берілетін еңбек демалысы үшін жәрдемақы төлеуге шақырып отыр, деп жазады khabar.kz.
Қазір онда босанған аналар 12 аптаға дейін жұмысқа шықпауға құқылы. Алайда ешқандай өтемақы төленбейді. Өйткені салық төлеушілер қарсы. Ал сарапшылар болса: «Бұл жағдай дүниеге келген нәрестелердің дамуына, әйелдердің денсаулығына және отбасына қауіп төндіреді», - дейді.
Айта кетейік, АҚШ-пен қатар Оман және Папуа, Жаңа Гвинеяда да бала күтімі бойынша берілетін демалысқа жәрдемақы қарастырылмаған.
фото: liveinternet.ru