АҚШ-та бала туу көрсеткіші жеті жылда алғаш рет өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа федералды дерекке сәйкес, АҚШ-та бала туу саны 2021 жылы соңғы жеті жылда алғаш рет өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
None

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Ұлттық денсаулық статистикасы орталығының есебінде 2021 жылы 3 664 292 баланың дүниеге келгені көрсетілген, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1%-ға жоғары. Бұл көрсеткіш 2014 жылдан бері алғаш рет өсіп отыр. Мәселен, 2014-2019 жылдар аралығында бала туу жылына орта есеппен 1%-ға төмендесе, 2019-2020 жылдар аралығында 4%-ға азайған, бұл елдегі пандемия мен экономикалық белгісіздікке байланысты. Құжатта АҚШ-тағы әйелдердің бала көтеру коэффициенті (ағзаның бала көтеру қабілеті) 2020 жылдан 2021 жылға дейін 1%-ға өсіп, репродуктивті жастағы 1000 әйелге шаққанда 56,3 тууды құрады.

Сонымен бірге халықтың этникалық тегіне байланысты бала туу санында айырмашылықтар бар. Ақ және испан тілінде сөйлейтін әйелдер арасында 2020-2021 жылдар аралығында әр топта бала туу көрсеткіші 2%-ға өскен. Алайда, афроамерикалық және азиялық әйелдер 2020 жылдан 2021 жылға дейін бала туу көрсеткіші 2%–ға, ал америкалық үндістер мен Аляска әйелдері арасында 3%-ға азайды. Географиялық бөліністе бала туу саны 2020 жылдан 2021 жылға дейін 16 штатта өскен және бір штатта – Нью-Мексикода азайды. 16 штаттың ішінде Коннектикут, Массачусетс және Нью-Гэмпширде ең жоғары көрсеткіш - 5%–6% тіркелді.


Фото: Getty Images

Соңғы жаңалықтар