АҚШ-та баласы анасын өлтірген

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Американың Биг-Прейри қаласында (Огайо штаты) он жастағы балаға өз анасын өлтірді деген айып тағылды. Ол жас қылмыскерлерге арналған абақтыға жабылды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

АҚШ-та баласы анасын өлтірген

2 қаңтар күні кешке бала көршілеріне келіп, қылмыс жасағанын өзі айтып берген соң, көршілері полиция шақырған. Баланың анасы 46 жастағы Дебора МакВэй шынымен басына оқ тиіп, көз жұмған жерінен табылды.

Прокурор Миллерсбургтың ойынша, бала анасын әдейі өлтірген жоқ, бұл қылмыс қайғылы оқиға салдарынан болған. Баланың қорғаушысы баланың, туысқандарының үйінде тұра тұруға рұқсат беруін сұрап, кейін оны біржола босатып алуға қол жеткіземін деп мәлімдеген.

Анасын өлтірген баланың 15 жастағы әпкесі, яғни қаза болған Дебора МакВэйдің 15 жастағы қызы бар. Қыз бала қазір жақындарының жанында. Ол жасалған қылмыстың куәгері болған ба деген мәселе анықталып жатыр.