АҚШ-та Барак Обаманың жаңа кітабы шықпақ
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-та Барак Обаманың жаңа кітабы жарыққа шықпақ, деп хабарлады Утро.ру» агенттігі.
«Сен туралы ән салам: қыздарыма жолдау» деп аталады. Бұл туралы батыстық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Обама бұл кітабын президент тағына отырғанға дейін жазған болатын. Кітаптың қосымша авторлары қыздары Малия мен Саша болды, олар Обамаға сұрақтар қояды, оған әңгіме-аңыздар түрінде жауап қайтарылады. Кітапта 13 көрнекті американдық туралы айтылады, олардың ішінде тұңғыш президент Джордж Вашингтон мен алғашқы афроамерикандық жоғары лигадағы бейсболшы Джеки Робинсон туралы баяндалады.