АҚШ-та белгісіз біреу 1 адамды өлтіріп, бес адамды жарақаттаған соң, өзін атып өлтірген

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Флорида штатындағы Гейнзвилл қалашығында белгісіз біреу өзінің автокөлігінен көшедегі адамдарға оқ атты, деп хабарлайды Би-Би-Си Ассошиэйтед-пресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Штат полициясының өкілі Тчарна Сенн хабарлағандай, қызыл түсті автокөліктің жүргізушісі көше бойымен жүріп, жаяу жүргіншілерді ата бастаған, алайда қылмыстың себебі, қаза тапқандар мен қылмыскердің тұлғасы әлі анықталмаған.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, қазіргі таңда оларға Гейнзвилл ауруханаларында көмек көрсетіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар