АҚШ-та белгісіз біреу банкке шабуыл жасаған, 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та сәрсенбі күні Себринг қаласындағы (штат Флорида) Suntrus банкінің бөлімшесіне белгісіз біреу шабуыл жасады. Қаскүнем банкте оқ жаудырып, бірнеше адамды кепілге алған кезде кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды CNN телекомпаниясы полиция өкіліне сілтеме жасап.

АҚШ-та белгісіз біреу банкке шабуыл жасаған, 5 адам қаза тапты

Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне қарағанда, бірнеше адам жараланған. Кімнің мерт болғаны немесе зардап шеккені әзірге анықтала қойған жоқ.

Күдікті ұсталды.

Бұдан бұрын банк бөлімшесінде алдымен адамдарды кепілге алып, артынша тәртіп сақшыларының берілу туралы талабынан бас тартып оқ жаудырған адамды полицияның ұстағандығы хабарланған болатын.

Сондай-ақ ғимаратқа шабуыл кезінде кепілге алынғандардың бірнешеуі зардап шеккені айтылған еді.

Оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, қаскөй банкті тонауға әрекеттенген.