АҚШ-та белгісіз біреулер бес адамнан тұратын отбасын өлтіріп кетті

АСТАНА. Қыркүйектің  23-і. ҚазАқпарат - Американың   Иллинойс  штатында бес  адамнан тұратын отбасыны  өлтіріп  кетті.  Қайғылы оқиға     штаттың  орталығында  орналасқан  Беазон   елді мекенінде  орын алған, 

АҚШ-та  белгісіз біреулер бес адамнан тұратын   отбасын  өлтіріп  кетті

 деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

 Полицияға белгісіз біреу  қоңырау  шалып, Реймонд және  Рут    Гидің  үйінен       мылтық   дауысы естілгенін  хабарлаған.   Оқиға   орнына келген полицейлер     бір отбасының    бес мүшесінің  -    ерлі-зайыпты Реймонд және  Рут   Гидің,      сондай-ақ   олардың екі  ұлы мен  бір қызының     өлі денелерін тапқан.   Тағы бір  бала - 3 жасар қыз  бала  аман қалған,  қазір  ол  ауруханада.

 Көршілер   бұл отбасын   баршаға ұнайтын    кішіпейіл, қарапайым жақсы  жандар деп    айтып  отыр.  Қылмыстың себебі мен оны жасағандар  әзірге  белгісіз.