АҚШ-та белгісіз біреулер мерекелік шеруге оқ атты, екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Американың Миссисипи штатының оңтүстігіндегі Пасс-Крисчен қаласында белгісіз біреулер Марди-Гра - католиктердің діні мейрамына орай өткізілген шеруге оқ атқан. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған.

АҚШ-та белгісіз біреулер мерекелік шеруге оқ атты, екі адам қаза тапты

Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері атысты бастаған адамдарды іздестіруде. Оқиға орнына полиция күштері жеткізілді.

Марди-Граны мерекелеу маусымы Американың оңтүстік штаттарында шамамен бір аптаға созылады. Сол уақытта салтанатты шерулер өткізіліп, оны тамашалауға мыңдаған туристер жиналады. Бұл жолы өткен шараға 50 мыңға жуық адам келген.