АҚШ-та бензовоз 50-ден астам көліктің апатқа ұшыруына себепші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Балтимор қаласындағы (Мэриленд штаты) көпірден құлаған бензовоз көпірдің астынан өтетін жолға барып түскен. Соның салдарынан 2 адам мерт болып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды Риа Новости.

АҚШ-та бензовоз 50-ден астам көліктің апатқа ұшыруына себепші болды

Жергілікті CBS Baltimore телеарнасының хабарлауынша, осы апатқа кемінде 50 көлік түскен. Зардап шеккендердің арасында 3 адам ауыр дене жарақаттарын алған. Мерт болғандардың арасында бензовоздың жүргізушісі де бар.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, көпірден құлаған соң автоцистерна жарылған. Ондаған автокөліктер апат болған жолда кептеліп қалды. Қайғылы оқиға АҚШ-тың шығыс жағалауы аймағынан өтетін екі жолдың қиылысқан тұсында және бензовоз өтіп бара жатқан аймақта, сондай-ақ Балтиморды айналып өтетін I-695 айналмалы автожолының бойында болды.

Апаттың салдары әзірге белгесіз. Алайда өткен тәулікте осы ауданда жаңбыр жауып, күннің суығынан мұзға айналған. Апатқа оның да өзіндік себептері болуы мүмкін деген болжам айтылуда.