АҚШ-та бір мезетте 50 жүк көлігі соқтығысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та қысқы қолайсыз ауа райынан зардап шегу оқиғалары толастамай отыр. Джорджия және Флорида штаттарында апат салдарымен күрес жалғасып жатқанда Ұлы көлдер және Орталық Батыс дауылды жел мен жауған қардан зардап шегуде, деп хабарлайды Vesti.ru

АҚШ-та бір мезетте 50 жүк көлігі соқтығысқан

Пенсильвания және Массачусетс штаттарындағы басты магистральдарда көктайғақтан 50-ден астам жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан көлік қозғалысы толығымен шектелді. Жүргізушілер көліктерін күрт тоқтата алмай, олар бір-біріне соғылған. Ауыр жүк машиналары жеңіл автомобильдерді соғып, жолдың жиегіне лақтырып тастаған. Ауқымды көлік кептелісінің салдарынан полицейлер оқиға орнына бірнеше сағаттан кейін ғана жете алған.