АҚШ-та бір полицей қаламмен қаруланған мүгедекті атып тастады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американың Хьюстонда полиция офицері әріптесіне қаламмен қоқан-лоққы жасаған арбадағы мүгедекті атып тастады.

АҚШ-та бір полицей қаламмен қаруланған мүгедекті атып тастады

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Оқиға жазылмайтын науқастар үйінің бір тұрғыны шу шығарған соң, аталмыш мекен-жайға полиция келген соң болды. Науқастың шу шығаруына қызметкердің темекі бермей қоюы себеп болған.    

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде, мүгедек олардың біреуін бұрышқа тақап алып, қалам сұқпақ болыпты. Екінші полицей оның қолындағының не екенін көре алмай, дереу тастауды бұйырған. Ол тастамаған соң, атып жіберген.

Мүгедектер үйі иесінің айтуынша, өлген адам онда 18 ай тұрған. Ол пойызға соғылып, кейіннен бір қолы мен бір аяғы кесіліп тасталған екен. Ол психикалық аурумен ауырыпты.

Полиция өзінің қызметкерінің қару қолдану әрекетін тексеру үстінде. Қызметкерді әкімшілік демалысқа жіберді. Олардың атап өтуінше, бұл қызметкер 2009 жылы бір күдіктіні ұстау кезінде оны да өлтіріп тастапты.