АҚШ-та болған атыстан төрт адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Юта (АҚШ) штатының Грантсвилл қаласында болған атыстан төрт адам ажал құшып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы CNN телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та болған атыстан төрт адам ажал құшты

Телеарнаның мәліметінше, зардап шеккен азамат ауруханада жатыр. Күдікті ұсталған.


Фото: © AP Photo/Rick Bowmer