АҚШ-та Бостондағы лаңкестікке байланысты фильм түсіріледі

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та Бостондағы халықаралық марафон барысында орын алған лаңкестік туралы фильм түсірілмек.
None
None

Лаңкестік туралы кітапты экранға түсіру құқығын «Жауынгер» (The Fighter) туындысын жасаушылар сатып алды.

Американдық жазушы Кейси Шерманның «Мықты Бостон» кітабы келесі жылы University Press of New England баспасынан шығуы тиіс. Онда қала тұрғындарының жарылыс барысындағы іс-әрекеті және лаңкестерді іздестіру жұмыстары баяндалмақ.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде екі жарылыс орын алған. Оның салдарынан 3 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум