АҚШ-та букмекерлер Жақияновтың мүмкіндігін қарсыласынан екі есе артық бағалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Букмекерлік кеңселер қазақ боксшысы, WBA белбеуінің «уақытша» чемпионы Жанат Жақияновтың алдағы жепе-жегіне болжамдарын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың болжамы бойынша Уорренге фаворит ретінде 1.20-1.25 аралығында ұсынылып отыр. Ал жерлесімізге сенім артпаған букмекерлер 4.00-4.30 коэффициент берді. Кездесу тең аяқталған жағдайда - 25.00.
Естеріңізге сала кетейік, Жақиянов 2017 жылдың 10 ақпанында АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін жұдырықтаспақ. Жерлесіміздің қарсыласы шаршы алаң иесі 29 жастар Раусхи Уоррен. Ол бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған.
Ал жерлесіміз осыған дейін 27 кездесу өткізген. Оның біреуінде ғана қарсыласына есе жіберіп, қалған 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Жақиянов соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуэлалық Йонфрез Парехоны ұтып, «уақытша» белбеуді жеңіп алған еді.