АҚШ-та денсаулық сақтау реформасы туралы заң конституциялық емес деп танылды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ федералдық соты денсаулық сақтау реформасы туралы заңды конституциялық емес деп жариялады. Судья Роджер Винсон жаңа заң адамдардың құқықтарын бұзып, медициналық сақтандыруды сатып алуға мәжбүрлейді деп қорытынды шығарады, деп хабарлайды РБК.

АҚШ-та денсаулық сақтау реформасы туралы заң конституциялық емес деп танылды

Енді, осы мәселе бойынша шешімді елдің Жоғарғы соты шығарады.

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау туралы заңды осыдан бір жыл бұрын АҚШ Президенті Барак Обама ұсынып, Конгресс қабылдаған болатын. Реформа АҚШ-тың медициналық қызмет жүйесінде, соның ішінде, медициналық сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістерді жүзеге асырмақ.