АҚШ-та доминикандық иммигрант лотереядан 338 млн. доллар ұтып алды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та 44 жасар Доминикан Республикасынан келген иммигрант Педро Квезада Powerball лотереясынан 338 млн. доллар ұтып алды, деп хабарлайды РБК.
None
None

Ұтыс әкелген билет Нью-Джерси штатында алкогольді сусындар сататын дүкендердің бірінен сатып алынған, деп хабарлайды Associated Press. Барлық төлемдер мен салықтарды төлегеннен кейін П.Квезадаға бұйыратын қорытынды сома 152 млн. долларды құрайды. Powerball лотереясы тарихындағы көлемі бойынша бұл төртінші ірі ұтыс болып табылады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауы бойынша, ұтыскер ең алдымен ақшаны отбасына көмекке жұмсайды. Педро Квезаданың жұбайы Инес ұтысқа қуанышты екенін жеткізді және ол үшін құдайға алғысын айтады.

Нью-Йорк қаласы маңындағы Пассаик ауданындағы Квезада жұбының көршілері ұтыскер отбасы «өте байсалды және еңбекқор» жандар ретінде әсер қалдырады деп хабарлады.

Powerball лотереясында «джек-потты» ұтып алу мүмкіндігі 175 млн.-нан бірді құрайды.

Соңғы жаңалықтар