АҚШ-та «доңыз тұмауынан» көз жұмғандардың саны 211 адамға жетті

ВАШИНГТОН.  Шілденің  11-і.  ҚазАқпарат -      АҚШ-та  А (H1N1)  вирустық  тұмауынан көз жұмғандардың саны 211 адамға жетті, ал   ауырғандардың саны  37 мың 246-ға жетті. 
None
None

Бұл туралы   Ауруларды  бақылау  және      олардың алдын  алу  жөніндегі ұлттық орталықтың  хабарламасында   мәлім етілді,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Ресми  мәліметтер бойынша,  тек соңғы аптаның   ішінде  елде        «доңыз тұмауы» салдарынан 41  адам көз жұмған.   А(H1N1)тұмауынан   ең көп  кісі өлімі  Нью-Йорк  штатында    тіркеліп отыр,  онда  52 адам қайтыс  болған.

Ал осыдан бірер  күн бұрын  Канадада үш  адам А (H1N1) тұмауынан   қайтыс болды.    Канаданың Денсаулық сақтау министрлігінен  хабарлағанындай,        елде   «доңыз тұмауынан»  қайтыс болғандардың саны 36 адамға жетті.    Канадада      А (H1N1) вирусын     жұқтырудың   8 мың 883  оқиғасы тіркелген.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  мәліметтеріне сүйенсек,  шілденің 3-індегі жағдай  бойынша  әлемде     А (H1N1) вирусын   жұқтырудың  90 мыңдай оқиғасы  тіркелген,  оның  382-сі   - кісі өлімімен  аяқталған.

Соңғы жаңалықтар