АҚШ-та дрон алғаш рет адамның көмегінсіз сәлемдемені жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хортон қаласында (АҚШ, Невада штаты) тарихта алғаш рет дрон адамның көмегінсіз белгіленген жерге бөтелкеге құйылған суды, азық-түлік және алғашқы медициналық көмекке қажетті дәріқұтын жеткізді.
Дрон шамамен 800 метр ұшып, белгіленген үйдің маңына сәлемдемені қойып, қайта оралды, деп жазды lifenews.ru.
- Дронның көмегімен қала бойынша сәлемдеме жеткізу - бұл жақсы жетістік, - дейді дронды құрушы, Flirtey компаниясының атқарушы директоры Мэтт Свини.