АҚШ-та джек-поты 588 млн. доллар жалпыұлттық лотереясының екінші жеңімпазы табылды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-та джек-поты 588 млн. доллар "Пауэрбол" жалпыұлттық лотереясының екінші жеңімпазы табылды.
None
None

Ұтыс ойынының ұйымдастырушылары хабарлағандай, ол дәулеттілердің қалама маңындағы Финикс елді мекенінде тұратын 30-40 жас аралығындағы ер адам, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Жеңімпаз аты-жөнін құпияда сақтауды жөн көрді. Оның тек Аризонаға бір жыл бұрын ғана көшіп келгені, ал ұтысты билетті жергілікті супермаркеттердің бірінен сатып алғаны мәлім.

Айта кетейік, американдық лотерея бизнесінің тарихындағы рекордты джек-пот - 656 млн. доллар наурыз айында АҚШ-тағы «Мега Миллиондар» атты өзге ұтыс ойынында ойнатылған болатын. Ол кезде қатарынан 3 билет ұтты.

Соңғы жаңалықтар