АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші науқас анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші науқас белгілі болды, деп жазады 24.kz.

АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші науқас анықталды

Ол таяуда Техас штатындағы ауруханада аталған дерттен көз жұмған Томас Эрик Дунканды емдеген дәрігер болып шықты. Белгілі болғандай, техастық дәрігердің жуырда дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген. Қазір ол оқшауланды.

Ал вирусологтар осы науқаспен байланыста болған адамдарды анықтап, тексеруді бастады.