АҚШ-та екі ұшақтың жолаушылары қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Сиэтл - Таком (Вашингтон штаты) әуежайында жексенбі күні қауіпсіздікті сақтау мақсатында екі ұшақ жолаушылары құтқарылды. Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлады.

АҚШ-та екі ұшақтың жолаушылары қауіпсіз жерге шығарылды

Әуежай баспасөз хатшысы Перри Купердің айтуынша, қауіпсіз жерге Лонг-Бич (Калифорния штаты) қаласынан келген JetBlue авиакомпаниясының және Финикстен (Аризон штаты) келген Sky West компаниясы лайнерінің жолаушылары көшірілген.

Купер оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Жергілікті БАҚ-та бұл оқиға жарылғыш зат қойылған деген ақпаратқа байланысты орын алғаны айтылады.