АҚШ-та екі жолаушылар ұшағы қанаттарымен соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестегі Боба Хоуп атындағы халықаралық әуежайдағы ұшу жолында "Боинга-737" екі жолаушылар ұшағы соқтығысып қалды.

АҚШ-та екі жолаушылар ұшағы қанаттарымен соқтығысып қалды

Екі лайнер де Southwest Airlines компаниясына тиесілі. Олардың бірі Сакраментодан ұшып келсе, келесісі Феникске ұшуға әзірлік үстінде болатын. Соқтығысқан кезде бірінші ұшақ бортында 100 жолаушы болса, екіншісінде 114 адам болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. АҚШ-тың авиация билігі оқиғаның себептерін тергеуге кірісті, деп хабарлады KTLA телеарнасы. Ал осыған дейін Канада астанасы Оттава қаласында гидроұшақ өзенге құлаған. Әуе көлігі бірнеше минуттың ішінде суға батып кетті. Бортта екі адам болған, бірі - 71 жастағы ұшқыш, екіншісі - 27 жастағы жолаушы. Екеуі де қазір ауруханада, жағдайлары ауыр.