АҚШ-та электр гитараны ойлап тапқан Лэс Пол дүниеден озды
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та 94 жасында атақты гитарашы, электр гитараның «атасы» Лэс Пол дүниеден озды.
АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Уайт-Плэйнс қаласының өкілдері хабарлағандай, музыкант өкпе қабынуынан қайтыс болған.
Ұзақ жылдар бойы Лэс Пол гитара жасаушы «Гибсон» фирмасымен ынтымақтасып келді. Дарынды музыкант қана емес, тамаша инженер болған Пол өзінің алғашқы электр жабдықты гитарасын өткен ғасырдың 30-шы жылдары жасаған болатын.
Ал 50-ші жылдары ол бүгінде бүкіл әлемде рок-музыканың символына айналған электр гитарасын ойлап тапқан.