АҚШ-та ер адам дүкенге бекініп алып, полицияға оқ жаудырды
Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, ер адам көлікпен ғимаратты бұзып кіріп, бекініп алған соң, полицейлерге қарата оқ ата бастаған. Атылған оқ полицейлердің көлігіне тиді. Сонымен қатар қаскөй полицияға қарсы көз қарықтырып, құлақ тұндыратын граната лақтырған. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің бар-жоғы туралы әзірге басылым ештеңе жазбаған.
Полиция қызметкерлері дүкен мен оның айналасын қоршауға алып, ер адаммен келіссөздер жүргізуге тырысқан.
Телеарналардың бірінің хабарлауынша, ер адамды осы оқиғаға дейін өзге дүкеннен қуып шыққан, өйткені ол дүкеннен атыс қаруын ұрламақ болған.
Billings Gazette басылымының жазуынша, дүкенде 10 сағат бойы отырған ер адам ғимараттан шығып қашып кетпек болған. Алайда, полициямен арада атыс болып, ер адам оқиға орнында көз жұмды.