АҚШ-та ер адам сұлулық салонында оқ жаудырды: қаза болғандар бар

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-та, Висконсин штатында ер адам сұлулық салондарының бірінде оқ жаудырды. 3 адам қаза болып, тағы 4-уі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
None
None

РБК хабарлағандай, оқиға Брукфилд қаласында орын алды. Ер адам "Брукфилд сквер" сауда үйінің ауданында орналасқан "Азана Спа" салонында адамдарға оқ жаудыра бастаған.

Бұл қылмысты жасауда 45 жастағы Рэдклифф Франклин Хогтон есімді азамат күдікті саналып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, ол қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда кейін оның өзі атыс ұйымдастырған ғимараттың ішінде өлі табылғандығы туралы ақпарат тарады. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнында қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Қазіргі уақытта ол залалсыздандырылды.

Жасалған болжамдарға қарағанда, ер адам сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрынғы жұбайымен болған жанжалдан кейін осындай қылмысқа барған.

Соңғы жаңалықтар