АҚШ-та ер адамды өзі асыраған үй әбжыланы шаққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та үйінде асыраған әбжыланы шаққан Солтүстік Каролинаның тұрғыны ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

 АҚШ-та ер адамды өзі асыраған үй әбжыланы шаққан

Ер адам өздігінше көлікпен ауруханаға жетпекке әрекеттенген. Алайда шамасы келмеген соң жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болды, деп хабарлады Huffington Post.

Қазір оның жағдайы ауыр. Билік бұл азаматтың жыланды үйде ұстауы заңды немесе заңсыз болғанын анықтап жатыр.