10:06, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
АҚШ-та ер адамның журналистерге оқ ату себебі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вирджиния штатында WDBJ7 телеарнасының журналистерін тікелей эфирде атып өлтірген Вестер Ли Фланаган артынша факс бойынша ABC News-ке хат жолдады.

Онда өзінің бұл әрекетіне түсіндірме жазған, деп хабарлады BBC.
Ол АҚШ-тағы нәсілге бөлушілікке наразы екенін көрсеткен. Фланаган қара нәсілді және қызтеке болғандықтан кемсітушілікке тап болғанын айтты. Ер адам WDBJ7 телеарнасының бұрынғы қызметкері болған және хабарламаға сәйкес, оны жұмыста үнемі кемсітіп келген.
Фланаган өз-өзіне қол жұмсау әрекеті кезінде алған жарақаты салдарынан ауруханада мерт болды. Өз-өзіне қол салмас бұрын ол оқ атқан сәтін түсірілген видеосын әлеуметтік желілерде жариялаған.
Еске сала кетсек, WDBJ7 телеарнасында жұмыс істеген екі журналист - 24 жастағы тілші Элисон Паркер мен 27 жастағы оператор Адам Уорд сәрсенбі күні тікелей эфир кезінде кезінде қаза тапты.