АҚШ-та ереуіл соңы төбелеске ұласып, 10 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сакраменто қаласында неоұлтшылдар ұйымдастырған ереуіл кезінде төбелес шықты. Соңғы мәлімет бойынша, қақтығыстан жарақат алғандар саны 10 адамға жеткен, деп жазады 24.kz.
None
None

Бұған дейін 6 белсенді пышақталды деп хабарланған еді. Неоұлтшылдар шеруді өткізуге қарсы шыққан топпен төбелескен. Тәртіпсіздіктерге 180-дей адам қатысты. Олар бір-бірін таспен ұрып, пышақ жұмсап және қалалық заң шығару мекемесінің терезелерін сындырған.

Соңғы жаңалықтар