АҚШ-та ертең тағы бір қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең АҚШ-та қазақстандық былғары қолғап шебері Бекман Сойлыбаев кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.
None
None

Жерлесіміздің қарсыласы мексикалық боксшы Герман Мераз (Мексика, 55-42-1, 32KO).

Бүгін екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екінші орта жеңіл салмақта шаршы алаңға шығатын отандасымыз 60,2 келі салмақты көрсетсе, қарсыласы мексикалық 59,9 келі шықты.

Айта кету керек, бұл боксшымыздың оныншы жекпе-жегі болмақ. Осыған дейін тоғыз рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен. Төрт кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында өтеді.

Ал бұған дейін тағы бір боксшымыз ертең АҚШ-та кезекті айқасын өткізетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар