АҚШ-та F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Висконсин штатының Ұлттық ұланы Әскери әуе күштерінің бөліміне тиесілі F-16 Fighting Falcon истребителі сейсенбі күні кешке жаттығу кезінде Мичиган жоғары түбегі маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Бортта бір ұшқыш болған, оның жағдайы әзірге белгісіз.

«Оқиға болған сәтте ұшақ бортында бір ұшқыш болған және ол жоспарлы жаттығуды орындап жатқан болатын», - делінген Штаттың ұлттық гвардиясының Facebook -тегі ресми парақшасындағы мәлімдемеде.

Оқиға орнында апаттан құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.